06
сентябрь
2024
ҮЗДІКТЕН-ҮЙРЕН
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран" мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
06.09.2024 ж.күні 8-11 сыныптар арасында "Үздіктен үйрен" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелге 8-11 сынып оқушыларымен бірге мектебіміздің үздік оқушылары : 11А сыныбынан Ақмырза Ақмаржан,Дәуіт Медеу,Әлімбай Рамазан,11Ә сыныбынан Кеттеш Ұлдана,Мұқтар Айнұр,11Б сыныбынан Тұрсын Ақдариға 11В сыныбынан Абилқаир Ақзере мен Абилқаир Ерасылдар қатысты.Дөңгелек үстелімізге мектебіміздің көшбасшы мұғалімдері,бірнеше рет республикалық, облыстық ,аудандық сайыстардың жеңімпаздары ,ізденімпаз,жаңашыл ,үздік педагог - ұстаздарымыз -- орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Ұ.Кеттешқызы,география және жаратылыстану пәні мұғалімі Н.Н.Сабирович,химия пәнінің мұғалімі А.Тулентаев,директордың бейіндік істері жөніндегі орынбасары,биология пәні мұғалімі Т.Аралбаевтар қонаққа шақырылды.
8-11сынып білім алушылары: ""Үздік" оқушы болу үшін не істеу керек?Сыныпта "Ең үздік оқушы болғыңыз келе ме?"Қалай үздік оқушы болуға болады?"- деген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды.Көшбасшы педагог -ұстаздарымызбен де оқушыларымыз сұқбаттасып, сұрақтарына жауаптар алды.Үздіктен үйренетініміз көп екенін ,үйренуден жалықпауды ойларына түйіп,үздік оқушылар мен ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.
Ұйымдастырушылар :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Асқарова,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Касмурзаева,ағылшын пәні мұғалімі Г.Серікбаева

