17
декабрь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫ АБЫРОЙМЕН ӨТКІЗІП, РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 32ЖЫЛ МЕРЕЙЛІ ТОЙЫ МЕН ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР
![]() | ![]() |
11.12.2023ж күні мектебімізде Жетісай ауданы білім бөлімінің бұйрығына сәйкес Тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздіктің тұғыры биік" тақырыбында апталықтың ашылуы өтті.
12.12.2023ж күні "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында кітап көрмесі өтті.
12.12.2023ж күні "Мен және менің отбасым қандай кітап оқиды" тақырыбында видеосайыс ұйымдастырылды.
13.12.2023ж күні Педагогикалық идеялар фестивалінен География пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан облыстан І орын иеленіп, Республикалық сайысқа жолдама алды.
14.12.2023ж күні "Қазақстан мақтанышы" журналына Қожагелді Асемай өз еңбегін жариялады.Жетекшісі Сәрсенбаева Гүлжан.
15.12.2023ж күні мектебімізде "Педагогикалық шерулер" тақырыбындағы Республикалық семинар өтілді.
15.12.2023ж күні "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕРУЛЕР" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ
Үйрен де үйрет...
Білім беру сапасы оқытушылардың дайындық деңгейімен анықталады. Білім беру үдерісінде оқытудың заманауи инновациялық формалары мен әдістерін енгізу, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіруде "Өрлеу"БАҰО АҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы КДИ"филиалының үлесі мол.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында
15 желтоқасан күні Жетісай ауданына қарасты "№7" Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар өтті.
Мақсаты: педагогтердің қызметіне курстан кейінгі қолдануды ұйымдастыру және жүргізу;
біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтердің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді мониторингілеу және талдау;
оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу;
Семинардың өткізілу бағдарламасы мен мақсатын Түркістан облысының өкілдік басшысы Нұрлыбаева Жанат Лесбековна, "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы КДИ" филиалының аға оқытушысы Матекова Бахтигуль Темирхановна таныстырып өтті.
Ал ,қонақтарды арнайы қарсы алуда "Қаламгер" "Interesting English" үйірме оқушылары қойылым қойып, өлеңдер оқып, әндерін шырқап, , би билеп, өнерлерін паш етті.
Республикалық семинарды "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ" филиал директоры ғ.к, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова мен Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева ашып берді.
Қатысушыларға семинардың мақсаты мен мазмұны таныстырылды және әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқылды. Бірінші кезекте "Өрлеу" БАҰО АҚФ Республикалық КДИ,ЖМжГПОӘМжӘ кафедрасының аға оқытушысы, магистр Есентаува Айжан Идрисовна "Оқу сауаттылығын қалыптастырудың өзектілігі және оқушының оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелер" тақырыбында, "Өрлеу"БАҰО" АҚФ "Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби дамыту институты" "Кәсіби білім беру" кафедрасының аға оқытушысы Абишева Алина Муратовна мен Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты география пәнінің мұғалімі Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна "География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары" деген тақырыпта, Өрлеу" БАҰО"АҚФ Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мыханова Орынкул Жуматаевна "Цифрлы қоғам: цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы " атты тақырыпта баяндама оқыды. Бағдарлама мазмұны бойынша әртүрлі тақырыпта баяндамалар оқылып, сұрақ-жауаптар жүргізілді. Атап айтар болсақ, "ӨРЛЕУ"БАҰО АҚ "Жамбыл облысы бойынша КДИ"филиалы "Инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы, магистр Скакова Биби Аргынбаевна "Тарих сабағын оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлау" тақырыбында, "Өрлеу"БАҰО"АҚФ "Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты" "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева Мариямбуви Наримановна"Бастауыш сыныптарда негізгі пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілді қолдану" тақырыбында, Түркістан облысы, Жетісай ауданы №72 ЖОМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сабденова Тындыкыз Атымтаевна мен М,Маңғытаев ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Ерденова Кумискул Мусаевна "Жеке тұлға тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі" тақырыбында, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының білім бөлімі "Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"КММ.Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер,"Үздік педагог" атағын иеленуші Чекетаева Роза Сарқытбекқызы "Оқушыларды ғылыми жобаға дайындауда жобаның ғылыми аппараты" деген тақырыпта, Шымкент қаласы, Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған
IT лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі,"Үздік педагог"атағын иеленуші Торғаев Бауыржан Пірматұлы "Жетістікке жету өз қолыңда" тақырыбында , Түркістан облысы, Жетісай ауданы Алпамыс батыр атындағы №8 ЖББМ география-тарих пәндерінің мұғалімдері Абдуллаев Максат Аманович ,Абенов Жандос Пернебаевич "PISA" халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау " тақырыбында ,Шымкент қаласы, ЖШС "ACADEMY of GOLDEN KIDS" мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Мангутов Бахтыбай Мусаевич "Білім алушылардың білім жетістіктерінің моноторингісі " деген тақырыпта, Түркістан облысы Сауран ауданы Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Лаззат Баратбековна "Тарихи оқиғаларды есте сақтаудың тиімді жолдары" деген тақырыпта, Түркістан облысы, Жетісай ауданы Амангелді атындағы ЖББМ биология пәнінің мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Шегебаева Гулмира Құрбанқызы "Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (PISA тапсырмалары негізінде)" тақырыбында баяндамалар оқыды. "Жетісай ауданының білім бөлімінің білім саласы жетістіктері мен жоспарлары" туралы Түркістан облысы, Жетісай ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия Орынбасаровна айтып өтті.
Түркістан облысының өкілдік басшысы Нурлыбаева Жанат Лесбековна мен мектеп директоры Кожбанова Хадиша Нартаевна жоспарлы бағдарламамен таныстырды. Мектеп психологтары Тургунбаева Дина Байбосыновна мен Сабденова Бота Серикбаевналар қонақтар мен ұстаздарға психологиялық тренингтер өткізді. 14.00-15-15 уақыт аралығында
2 "Ә" сыныбында Абенова Гулсара Талиповна "Құрама есептерді шығару" тақырыбында, 9 "А" сыныбында Алимкулова Маржан Көмекқызы
"Clil: Ecology Solving; ecology problems" деген тақырыпта, 11 "В" сыныбында Алдамуратова Улбосын Мамырасиловна "С.Елубай ""Жалған дүние "романы" тақырыбында, 10 "Ә" сыныбында Надиров Нурсултан Сабырович "Геосфераның ластануы"тақырыбында, Бижигитова Нуржамал Тансыкбаевна 7 "Б" сыныбында "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау" тақырыбында, Акжигитова Жанар Еркинбековна 11 "А" сыныбында "Дәрежелік функцияның қасиеті мен графиктері"тақырыбында, Аденова Зауреш Амалбековна 5"А"сыныбында "Уақыттың қадірі" тақырыбында, Претова Гулжамал Абдикаликовна 4 "Ә"сыныбында "Заттардың қасиеті өзгере ме?" тақырыбында, Тулентаев Алғабас 8 "А"сыныбында "Химиялық реакциялар"тақырыпта , Тукаякова Шарипа Романовна 8 "Ә"сыныбында "Қанның формалы жасушалары" тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Әрбір ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сай, жаңа форматта, тиімді әдіс-тәсілдермен, оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыратындай жоғарғы деңгейде өтті.Мектебіміздің ұстаздары"Мен үшін жақсы мұғаілім бәрінен де артық, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі "деген Ы.Алтынсариннің сөзін тағы да бір дәлелдегендей болды. Бағдарлама бойынша 15.40-16.35. уақыт аралығыда шебер-ұстаз , "Үздік педагог" Раимбекова Улжан Кеттешқызының шеберлік сабағын, мектеп мұғалімдері Жақып Мақсат Падаходжаұлы мен Исабеков Берик Даутбаевичтің "Ой дода " мұғалімдер арасындағы сайысы, директор оқу ісі жөніндегі орынбасары Зияханов Арман Абдиразаковичтің және Аралбаев Табиғат Маратұлының "Intellektum DD2"директорлар дебаты, тарих пәнінің мұғалімі Наханова Гулмира Амантайқызы мен мектет кітапханашылары Серикбаева Гулмира Беркиновна мен Рапишева Райхан Орынбасаровна "А. Яссауидің туғанына 930 жыл " толуына орай ұйымдастырылған тарихи кеші, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Актаев Мухтар Аширбекулы "АКТ-да сабақта тиімді пайдалану"тақырыбындағы тренинг сабақтары жоғары дәрежеде өтті . Әрбір іс-шара мен сабақтарды қатысушылар жоғары бағалады. Семинарды "Өрлеу " БАҰО АҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша КДИ" филиалының аға оқытушысы Матекова Бахтигуль Темирхановна мен Медетова қорытындылап, семинарға белсене қатысқан ұстаздарды марапаттады. Қонақтардан кері байланыс алынды. Олар мектеп әкімшілігі мен ұстаздарымызға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

