23
август
2024
2024-2025 оқу жылы математика пәні аудандық тамыз сексиясы.
![]() | ![]() |
2024 жылдың 23-тамызы күні цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында "Әл-Фараби" атындағы жалпы орта мектебінде "DIGITAL KAZAKHSTAN" "Математика пәні сабақтарын жасанды интеллектімен оқытуды дамытудың негізгі бағыттары " тақырыбында аудандық тамыз сексиясы өтілді. Сексия жетекшісі аудандық математика пәні әдіскері Тасова Айгүл жаңа 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырды. Тамыз сексиясынды "N7 "Тұран" мектеп-гимназиясы" математика пәні мұғалімі Акжигитова Жанар Еркинбековна "Математика сабағында жасанды интеллектті пайдалану арқылы заманауи оқушылардың көз қарасын қалыптастыру" тақырыбында баяндама оқыды. Бұл баяндама сізге AR студия туралы негізгі мәліметтер мен олардың қазіргі және болашақтағы рөлі туралы ақпарат береді. AR студиясы – бұл AR жобаларын жасау және дамыту үшін қолданылатын бағдарлама немесе платформа. Мұндай студиялар арқылы дизайнерлер, бағдарламашылар және басқа мамандар AR контентін жасай алады.

