Сапалы білім - жетістік кілті. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
июль
2024

Сапалы білім - жетістік кілті.




Биылғы 2023-2024 оқу жылы мектебіміз үшін шығармашылыққа толы табысты жыл болды деп толығымен айтсақ болады. Оған негіз болатын оқушыларымыз мен ұстаздарымыздың әртүрлі аламан бәйгелерде топ жарып, жүлдемен оралуы. Сонымен қоса биылғы бітіріп жатқан оқушыларымыздың ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ата-анасына, мектебіне, ұстаздарына керемет көңіл-күй сыйлауы соның бір дәлелі. Жыл бойы дайындалып, аянбай еңбек етіп, алдына нақты мақсат-бағдар қоя білген оқушыларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізе білді. Әрине бұл жерде дұрыс бағыт-бағдар берген ата-ана мен мектептегі ұстаздарының, қосымша сабақ беріп, өзінің уақытын аямаған ұстаздарының еңбегі орасан зор. Жалпы мектебімізде биыл бітіруші сыныптардан 82 оқушы оқуды аяқтап, оның ішінде 75 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Оның ішінде 4 оқушымыз "Алтын белгі" иегері, 7 оқушымыз " үздік аттестат" иегері атанды. Мектебіміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары бал жинаған оқушыларымыз:
Ділдаханова Лаззат Нұрланқызы-126 балл
Алмасұлы Абылай-122 балл
Рысбай Мадина Сейсенбайқызы-115 балл
Алипбек Азамат  Жексенбайұлы-112 балл
Авезханова Улбике Ержигиткизи-112 балл
Сарсенбай Даниал Русланұлы-105 балл
Жолдыбай Ерасыл Оразтайұлы-105 балл
Айдархан Нұрасыл Дилдаханұлы-105 балл Жарылкасын Асел Аскарқызы-100 балл.
Ендігі меже шәкірттеріміз дұрыс таңдау жасап, өздерінің қалаған армандаған мамамандықтарына ЖОО-на грантқа түсуін шын жүректен тілеп қаламыз. Оқушының әрбір қол жеткізген жетістігі- мектептің, мұғалімнің жетістігі. Алдағы уақытта шәкірттерімізге  еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне үлесін қосатын мықты маман иесі болып шығуларына шын жүректен тілекшіміз.
АҚ ЖОЛ СІЗДЕРГЕ ЖАС ТҮЛЕК! СӘТТІЛІК СЕРІКТЕРІҢ БОЛСЫН!!!