13
декабрь
2023
«КІТАП-AMANAT» орталығы ашылды
Жетісай ауданы білім бөлімі «AMANAT» партиясы, Жетісай аудандық филиалының ғимаратында «КІТАП-AMANAT» орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Қ.Жантөрева және ауданымыздың әкімі Серік Мамытов пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аталған іс-шараға білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері қатысып қайттық. «КІТАП-AMANAT» орталығы тұрғындардың әдеби танымын кеңейту, баспадан жаңадан шыққан кітаптарды таныстыру, тұрғындардың сапалы әдебиетке қол жеткізу мақсатында ашылып отыр. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері орталықтан сапалы әдебиеттерге қол жеткізуге болатыны біліп, көркем және балалар әдебиеттерінің танымдық кітаптардың таныстырылымдарын көріп алдағы уақытта керек кітаптарды сатып алуға болады.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева