07
июнь
2024
ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ.
![]() | ![]() |
Тажидинова Жибек Баймаханбетовна,
Офтальмолог- дәрігер ,1 санатты офтальмология бөлімшесінің штаттық дәрігері.
Тажидинова Жибек Баймаханбетовна , 26.06.1988 жылы туылған.Ең алғаш рет "N7 "Тұран" мектеп-гимназиясына" мектеп табалдырығын аттап,сол мектепті 2005 жылы бітіріп ,"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің" "Емдеу ісі"факультетінің мемлекеттік Грантын жеңіп алып, 2011 жылы осы университетті бітіріп шығады. «Жалпы тәжірбиелік дәрігер» мамандығы бойынша педиатр біліктілігін алып , сол жылы «педиатрия және жалпы тәжірбиелік дәрігер » мамандығы бойынша ВОП кафедрасының интернатура бөлімінің степендиантын иеленіп, сол бөлімге қабылданады. 2011-2012 жылы балалар дәрігері болып қызмет атқарып, 2012 жылы интернатураны бітіріп шығады.2012 жылдан 2015 жыл аралығында жолдау бойынша Алматы қаласында "балалар дәрігері"қызметін атқарып, 2015 жыл мен 2019 жылдарда жалпы тәжірбиелік дәрігер жолдамасымен жұмысын атқарып,Г.А Нигай атындағы институттың "офтальмология" мамандығының степендиантын иеленіп, "офтальмолог дәрігері" болып жұмыс атқарады. 2019-2024 жылдар аралығында офтальмология ересектер және балалар маманы қызметімен қатар, лазерлік хирургияның балалар бөлімінде де бірқатар жұмыстар атқарады.
2020-2021 жылы "Балалар мен ересектердегі глаукоманың потогенезі клиникасы және диагностикасы" бойынша "Қазақстан-Ресей медициналық университетінде" ғылыми жұмыспен айналысып, 2021 жылы 1 санатты дәрігер категориясын иеленеді. 2022 жылы «балалар және ересектердегі көзді кантактілі және көзілдірік арқылы түзету» мәселелері бойынша біліктілікті көтеріп, сол жылы «Диабеттік ретинопаия және көздің тамырлық потологиясынан » біліктілік арттырып,
09.02.2021 жылы "Кәсібіне адалдығы" үшін медалімен марапатталады.
2022-2023 КРМУ «офтальмологиядағы жаңа лазерлік технологиялар", оның ішінде, балалар санатына ,ие болады.
2020-2024 жылдар аралығында жетекші офтальмолог, лазерлі-хируг жұмысын негізгі қызмет ретінде атқарады.
2024 жылы жолдама бойынша "Қазақ Ұлттық" көз институтына стпендиант ретінде қабылданып ,«Жаңа лазерлік технология офтальмологияда" тақырыбы бойынша білітілікті арттырып,З.Д.Аманжолованың «Денсаулық сақтау Ұйымдары қызметкерлеріне» "Алғыс хатымен" марапатталады.
Сынып жетекшісі: Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы

