25
май
2024
ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ
![]() |
Қожаева Жанар Зікірақызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ —АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ.
1981 жылы 27 шілдеде Шардара ауданы «Қазақстан» ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Жетісай қаласындағы И.Әлбисенов (Туран МГ) атындағы орта мектепті бітірген. Мектепте арнайы ашылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын сыныпта білім алған.
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультеттерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , мамандығы бойынша үздік дипломдармен бітірген.
1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Өркен» стипендиясының иегері.
2004-2006 жылдары Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде оқытушы, Жастар ісі комитетінің төрайымы.
2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы.
Педагогика ғылымдарының магистрі.
«Жетісай өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығы: жанры, тақырыбы, көркемдік ерекшелігі» тақырыбында магистрлік диссертация қорғаған.
Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.
Әр жылдары республикалық, облыстық, аудандық газеттерде мақалалары жарияланған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары, 2012 жыл, 2015 жыл
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, 2021 жыл
Ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ана.
Сынып жетекшісі: Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы
