ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2024

ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ.






Тлеубекова Ленура Әбдәлімқызы , 1984 ж.
- Болашақ бағдарламасының түлегі 
- 2013 жылдан бастап қазірге дейін білім нәрімен сусындатқан шәкірттері тек Қазақстан деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі шетелдердің озық ЖОО –н тәмәмдап, еліміздің көркеюіне жан-жақты өз үлестерін қосуда.
- IELTS халықаралық емтиханының үздік тренері.
- 20 -ға жуық ғылыми еңбектері халықаралық деңгейдегі баспаларда жарық көрді (SCOPUS базасындағы журналдарда үш мақаласы).
- Мемлекетіміздің орта білім беру ұйымдарының мұғалімдерінің білімін, біліктілігін көтеруде үлесін қосып жүрген тренер.
- Түркия, Корея, Швейцария мемлекеттерінде өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларында педагогика саласы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Білім жолы. 1990 жылы «Тұран» орта мектебі мемлекеттік мекемесіне 1 ші сыныпқа қабылданып, 2001 жылы тәмәмдайды. Мектеп қабырғасында жүргенде –ақ Ленура өзінің епшілділігімен, ұйымдастыру қабілетімен және білімге деген құштарлығымен көзге түсе білді. Мектепте ұйымдастырылған барлық іс- шараларға белсене қатысып, жоғары жетістіктерге жете білді. 9 сыныпта «Күз аруы» мен 11 сыныпта «Қыз сыны» байқауының бас жүлдесіне ие болды. Жастайынан ән айтуға әуес болған Ленура түрлі ән сайыстарда бағын сынап, мектептің абыройын қорғады. Сондай-ақ, ағылшын тілі мен қазақ тілінен мектепішілік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иемденген. Өз келешегін ағылшын тілімен байланыстырған Ленура 2001 жылы Шымкент қаласы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ шетел тілі: екі шетел тілі мамандығына оқуға қабылданды. 2005 жылы аталмыш ЖОО-нын үздік аяқтап, 2006 жылы Шымкент қаласындағы Х.А.Иасауи атындағы ХҚТУ –не шетел тілі: екі шетел тіліне магистратураға оқу грантын жеңіп алды. Магистратураны үздік аяқтаған соң, 2011 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Швейцария мемлекетіне «Туризм саласын басқару» мамандығы бойынша магистратурасына оқуға қабылданды. 2009 жылы Түркістан қаласындағы ХҚТУ ЖОО «Педагогика және психология» мамандығына докторантурасына тегін оқу грантын жеңіп алды. Өмірін білім және ғылым жолына арнаған Ленура қазіргі таңда Шымкент қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздық қызметін атқаруда.
Еңбек жолы. 
2006 жылы Шымкент қаласы М.Х. Дулати атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі.
2006-2012ж.ж Шымкент қаласындағы №2 дарынды балаларға арналған мектепте ағылшын  тілі мұғалімі және оқушылардың шығармашылық және зерттеу іс-әрекетін дамытатын мұғалімі.
2011 жылы Швейцария мемлекетінің “Cesar Ritz Colleges” университетінде жастар орталығының басқарушысы.
2012 жылы «Білім» оқу орталығының ағылшын тілі пәнінен тренер.
2012-2017ж.ж «Ордабасы» қонақүйінің ұйымдастырушы- супервайзеры.
2013-2015 ж.ж Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.
2015-2020 ж.ж аралығында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалім- модераторы.
2016-2019 ж.ж аралығында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктің басшысы.
2021 жылынан бастап Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалім-сарапшысы.
Сынып жетекшісі: Раимбекова Улжан Кеттешқызы