ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2024

ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ.



Жандарбек Жұманов Сейітқұлұлы 1993 жылы, 12-қаңтарда туылған. Жетісай қаласындағы “Тұран” мектеп-гимназиясын 2011 жылы тәмамдаған. Мектеп қабырғасында жүргенде оқуда озат болып, талай байқауларда топ жарған. Өнерге деген құштарлығы сол шақтарда байқалды. Ақындық мүшайраларда республикалық аренаға дейін шығып, мектептің намысын, аудан тіпті облыстың да намысын қорғады. 9-сынып оқитын кезде алғашқы жыр жинағы топталған “Сыр қалам” атты кітапшасы шықты. 2011 жылы мектепті үздікке бітіріп, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы жоғарғы оқу орныны, филология факультетіне грандпен оқуға түсті. Студент кезде де талай жарыстарда қанжығасы майланып қайтқан. Сол жоғарғы оқу орынының жастар гимнын шығарып кетті. 3-курс кезінде, мемлекеттің қолдауымен “Жазушы” баспасынан “Өлең-Ғұмыр” атты кітабы шықты. 2015 жылы студенттік өмірмен қош айтысып, Жетісайға оралды, шаңырақ көтерді. Жетісай қаласындағы “Дарын” мектеп-интернатына сол жылы жұмысқа кірді және қазіргі таңда біраз шәкіртке ұстаз. “Жігітке жеті өнер де аз” дегендей қосымша асабалық қызмет жасайды, блогерлігі тағы бар. Әлеуметтік желі арқылы біраз отбасыға көмегі де тиді. Төрт перзенттің әкесі.
Сынып жетекшісі: Раимбекова Улжан Кеттешқызы