ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2024

ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ





Алекенова Гаухар Шарапханқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында 1984ж 10 ақпанда дүниеге келген. Ұлты қазақ. 
  Жетісай қаласы  Тұран жалпы орта мектебін 2001 жылы бітірген. 
      2001 -2005жж  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология  (ағылшын және неміс тілі)  факультетін бітірген. 
   2006-2009жж  Академиялық Инновациялық университетін бітірген. Дәрежесі магистр. 
    2006-2019 жылдар аралығында  Шымкент қаласы №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық-лицейде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 
2006-2019 жылдар аралығында «Ағылшын тілі барлығына»  атты жеке курстарда  мұғалім болып жұмыс істеген.  
       2019-2023 жылдар аралығында Шардара қаласындағы А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында  жұмыс жасады.
       2023 жылдан бастап қазіргі таңда Шардара ауданында «Сырдария» жалпы білім беретін мектепте директор қызметін атқарып отыр. 
      Қызмет жолында жауапты салада өз кәсібінің шын жанашыры болып, мемлекетіміз үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан Тұран жалпы орта мектебінің  шәкіртінің әрбір жетістігіне мектеп ұстаздары сүйсініп, әрқашан тілеулес болып отырады.
        «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттерімен озады» деп,Абай атамыз айтқандай, жоғары білім мен саналы тәрбиені бойына сіңіре білген Гаухар  шәкіртіміздің білімі мен өсу жолындағы тәжірибесін алдағы уақытта да еліміздің дамуы үшін жұмыс барысында көрсететініне нық сенімдіміз. Мақтан етер шәкіртімізге мықты денсаулық, мол жетістік,еңбегінің елеулі болуын тілейміз.
Сынып жетекшісі: Раимбекова Улжан Кеттешқызы.