БІЛІМ БӘЙГЕСІ БАСТАУ АЛҒАН АЙҚАНАТ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2024

БІЛІМ БӘЙГЕСІ БАСТАУ АЛҒАН АЙҚАНАТ




Бүгін, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №7 "Тұран" мектеп-гимназиясының базасында дәстүрлі "IQANAT" республикалық зияткерлік сайысының облыстық кезеңі бастау алды. Жетісай, Шардара, Мақтарал ауданының 8 сынып оқушылары бүгінгі  "IQANAT" олимпиадасында білімін сынақтан өткізеді. Түркістан облысы бойынша "IQANAT"олимпиадасының үйлестірушісі Жарқынбекова Сәуле Ешімқұлқызы оқушыларға сәттілік тіледі. Ауыл мектептерінің білімді балаларының басын қосатын республикалық "IQANAT" олимпиадасына қолдау білдіріп, "IQANAT" зияткерлік мектептер желісін ұйымдастырып отырған Айдын Рахимбаев ағамызға алғыс айтылды. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі олимпиада қатысушыларына ізгі тілек айтып, Жетісай ауданының жетістіктерімен бөлісті.