01
февраль
2023
Үздіктермен кездесу
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Мектебіміздің директоры Х. Кожбанова үздіктермен кездесуін 5-7 сыныптар арасында дөңгелек үстел ретінде ұйымдастырды. Болашақ алтын белгі, қызыл аттестатқа үміткер оқушыларға қазірден білім алуда тоқтап қалмай, жан-жақты қалыптасуында оқу мен білім, тәрбиенің орны ерекше екенін түсіндірді. Оқу инемен құдық қазғандай екенін, болашақта компьютерде отырғандарды кітап оқығандар басқаратынын атап көрсетті. Жаһандық заманда білімнің орны жоғары тұратынын, бойларында адамгершілік қасиеттер қалыптастыру мақсатында көптеген игі жұмыстарды қазірден бастау керектігін айтты.



