01
февраль
2023
Үздіктермен кездесу жалғасуда.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Мектебіміздің басшысы Х. Кожбанова бастауыш сыныптармен яғни 1-4 сынып оқушыларының үздіктерімен дөңгелек үстел өткізді. Жиынға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Бектурганова және бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Аралбаев және сынып жетекшілері қатысты.Мектеп басшымыз өз сөзінде барлығымыз болашағымызды жарқын етуіміз керек екенін, біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды,сенімділікті қалай қалыптастыруды атап өтті. Бастауыш сынып оқушысының оқудағы жетістіктері маңызды мәселе болып табылатынын жіті айтып, назарда болатынын жеткізді.Сынып жетекшілеріне, ата-аналарына алғыс білдірді. Әлі де болса "Білім көзі-Бастауышта" екенін бұдан сайын шабыттанып оқуларына тілек білдірді.



