26
март
2024
«IQANAT» БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
![]() |
Бүгін Жетісай ауданы, №7 "Тұран" мектеп-гимназиясының базасында дәстүрлі "IQANAT" республикалық зияткерлік сайысының аудандық кезеңі бастау алды. Жетісай, Шардара, Мақтаарал ауданының 8 сынып оқушылары аталмыш олимпиадада біліміндерін сынауда. Түркістан облысы бойынша "IQANAT" олимпиадасының үйлестірушісі Жарқынбекова Сәуле Ешімқұлқызы оқушыларға сәттілік тілесе, Ауыл мектептерінің білімді балаларының басын қосатын республикалық олимпиадаға қолдау білдіріп, "IQANAT" зияткерлік мектептер желісін ұйымдастырып отырған Айдын Рахимбаев ағамызға алғыс айтылды. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі олимпиада қатысушыларына ізгі тілегін білдіріп, Жетісай ауданының жетістіктерімен бөлісті.
