ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ҮЙІРМЕСІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАҢЫЗЫ ЗОР. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ҮЙІРМЕСІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАҢЫЗЫ ЗОР.
05
март
2024

ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ҮЙІРМЕСІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАҢЫЗЫ ЗОР.






Мектебіміздің жанынан ашылған волейбол үйірмесіне 8-10сыныптың оқушылары қатысу үстінде. Үйірменің қатысушылары саны күннен-күнге артып келу үстінде. Үйірме жетекшісі Дене шынықтыру пәні мұғалімі Балғабаев Марат ағайдың шеберлігі оқушыларды үйірмеде тартуда орасан зор. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру сияқты жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның координациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл беру пастарын жете үйрету үстінде. Болашақта спорт пен білімді қатар ұстаған оқушылар шығатынына сенеміз.