25
декабрь
2023
ФУТБОЛ ҮЙІРМЕСІ
![]() | ![]() |
Мектебімізде оқушылардың қызығушылығын оятуда, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттауда сабақтан тыс үйірмелердің ішінде сұранысқа ие ұл балдар қызығушылығы жоғары үйірменің бірі - футбол үйірмесі. Мектеп директорының бұйрығымен футбол үйірмесінің жетекшісі ретінде дене шынықтыру пәні мұғалімі педагог-сарапшы Умаров Бақыт Жақсыбекович бекітілген. Бақыт ағайдың ұйымдастыруымен казіргі таңда футбол үйірмесінде 5-6 сыныптардан 20оқушы, 7-8 сыныптардан жиырма оқушы қатысуда. Одан бөлек мектебіміздің жоғары сынып оқушыларынан құралған "Тұран" командасының алатын орны ерекші.Қалалық деңгейде іріктеулерден сүрінбей өтуде. Үйірме сабақтан бос уақытында оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып топтарға бөлініп таңертеңгілік және түстен кейінгі уақыттарға қойылған. Футбол әлемде номер бірінші спорт екені үйірмеге балалардың қызығушылығымен ынтасынан да байқауға болады.Үйірме жетекшісіне алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз.

