02
март
2024
«Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
№ 7 «Тұран» мектеп гимназия»КММ-нің математика пәні мұғалімі Паттеева Гульнора 28.02.2024жылы 5 «А» сыныбымен «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта жаңа технологияны қолдана отырып қызықты өткізді.Ұйымдастыру кезеңінде тақырыпты ашу үшін,сұрақ жауап әдісін пайдаланып үй жұмысын тексерді.Ондық бөлшектердің негізгі қасиеттерін пайдаланып оқулықпен жұмыс жасады,оқушылармен топтық,жұптық тапсырмалар және жеке тапсырмалар орындалды.Слайд экранда кюаркодта көрсетілген есептерді шығарды.Сергіту сәтінде математикалық қызықты логикалық сұрақтармен оқышыларды сергітіп алды.Сұрақтар қазақтың ұлттық нақышта (киіз үй,ою-өрнектер,домбыра,тақия,асатаяқ) суреттеріне берілген есептерді шығарды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.Пән мұғалімі сабақ барысындағы қойған оқу мақсаттарына жетті.