15
декабрь
2023
9”А” сыныбында ”Clil.Ecology: Solving an ecological problem “тақырыбында ашық сабақ өтілді.
![]() | ![]() |
2023 жылы 15 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар Жетісай ауданына қарасты «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Республикалық "Педагогигалық шерулер” тақырыбында семинарда ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимкулова Маржан Көмекқызы 9”А” сыныбында ”Clil.Ecology: Solving an ecological problem “тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында тақырыпқа жаңашыл әдіс-тәсілдермен өтілді.
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында “Brainstorming” ,”Random“ ,
«Sorting into categories » әдістері пайдаланған.Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа материалды ашу бөлімінде “Видеоролик”ұтымды пайдаланылды. “Word wall “сайтында құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттыруды көзделген .Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды.Сабақта «Disscussion group work» арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Bilimklass.kz» порталы бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде болды.
Сабаққа Жетісай ауданының мектеп директорлары,орыс тілі,геграфия,тарих,
ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып өз бағаларын берді:
“Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған алгоритмдер қолданып бағдарлама құра білуді меңгерді, сабақ мақсатына жетті “-деп пікірлерін айта кетті.

