02
февраль
2024
ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ АЛАҢДА ӨЗІҢДІ ЕРКІН ОЙНАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ФУТБОЛ ҮЙІРМЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.
![]() | ![]() |
Мектебімізде жоғары сынып оқушыларының сабақтан тыс бос уақыттарын пайдалануда футбол үйірмесінің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді. Бүгінде миллиондар ойынына айналған бұл спорт түріне қызықпайтын ер балдардың саны кемде-кем болар. Үйірме жетекшісі Умаров Бахыт Жаксыбековичтің баптауымен 8-11сынып оқушыларымыз өз жаттығуларын белгіленген кесте бойынша атқарып келеді. Алдымен дене қыздыру жаттығуларын жасап, ережемен толық таныстырып,футбол ойынындағы тактика мен командалық ойын бойынша балаларды жаттықтырып ойын алды жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Жаттығудан кейін командаларға бөлініп ойын көрсетуде. Бұл үйірмеге қатысушылар саны күннен-күнге артып келуде. Ұлттық футбол лигасы бойынша алдағы уақыттарда турнирлер ұйымдастыру Умаров Бахыт ағайдың басты мақсаты.

