"ЗЕРДЕ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЗЕРДЕ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01
декабрь
2022

"ЗЕРДЕ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ








30 қараша күні Түркістан қаласы, Ж.Ташенов атындағы N23  ІТ мектеп-лицейінің базасында  "Зерде" 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың республикалық конкурсының облыстық кезеңі  өтті.
 Конкурстың мақсаты: Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. 
Ал міндеттері: Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; 
Оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; Қоғамның  интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.                                          
Конкурсқа  аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдері мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 2-7 сынып оқушылары арасынан жалпы саны 303 оқушы қатысты.
Конкурста  2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары 9 секция бойынша өтті.  
Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысынан жүлделі  жетістіктерге жеткен оқушыларымыз  
Орыс тілі бағытыбойынша 
№7 «Тұран» МГ-ның оқушысы Бақыт Дархан І орын, жетекшісі Раимбекова Улжан
Экология, валеология бағыты бойынша
№7 «Тұран» МГ-ның  оқушысы Зайт Диас, Альжан Аян   І орын, жетекшісі Надиров Нұрсұлтан
Ш.Уәлиханов атындағы №2 ЖОМ-нің  оқушысы Ильясхан Арафат ІІІ орын, жетекшісі Дуйсенбиева Кулсин
Математика, информатика бағыты бойынша
 Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖОМ-нің  оқушысы Әбіләзім Арсен, Жұмабек Даулет ІІІ орын, жетекшісі Ағментаева Алия
Тарих, өлкетану, этномәдениеттану бағыты бойынша
Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖОМ-нің  оқушысы Нұрқадыр Жания ІІІ орын,  жетекшісі Барлыбаева Махаббат
Химия, биология  бағыты бойынша
№7 «Тұран» МГ-ның  оқушысы Жарылқап Мәди   ІІІ орын,  жетекшісі Тулентаев Алғабас
Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойыншаШ.Уәлиханов атындағы №2 ЖОМ-нің  оқушысы Малик Балнур ІІІ орын, жетекшісі Сейдаманова Ульмира  
Ш.Уәлиханов атындағы №2 ЖОМ-нің оқушысыШахан Айару Мақтау қағазы,  жетекшісі Юнусова Жұлдызай
Физика, техника бағыты бойынша
№7 «Тұран»МГ-нің  оқушысы Аханова Асел Мақтау қағазы,  жетекшісі Жақсанова Ұлжан
Медицина, психология бағыты бойынша Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖОМ-нің оқушысы Жапар Кәусар Мақтау қағазы, жетекшісі Ерманова Алия.
Жетістікке жеткен оқушыларымыз бен жетекшілеріне  шығармашылық ізденістер тілейміз.Ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!
 Әдіскер    Райханова Улсерик Нокеровна