19
октябрь
2022
Жүлдегер оқушылар марапатталды
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11-сынып оқушылары арасында қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтілген республикалық ХХІІІ Абай оқуларының облыстық кезеңінде Жетісай ауданындағы жалпы орта мектептерден 6 номинация бойынша қатысқан 6 оқушының 5-і жүлдегер атанған .
Аталған байқаудың облыстық кезеңінде оза шауып, жүлдегер атанған оқушыларға Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы тарапынан берілген дипломдарды және бағалы сыйлықтарды бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Татеев табыстап, оқушыларды жеңістерімен құттықтады.
1. Рысбек Әсел №7 «Тұран» МГ-ның 11-сынып оқушысы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша ІІ орын, ұялы телефон қуаттағыш;
2. Рахимов Нурсултан Д.Қонаев атындағы №9 ІТ МЛ-ның 11-сынып оқушысы «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша ІІ орын, ұялы телефон қуаттағыш;
3. Бейсембай Диана Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖОМ-ның 11-сынып оқушысы «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша ІІІ орын, сымсыз құлаққап;
4. Ергеш Балнұр №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орын, сымсыз құлаққап;
5. Дабыл Аружан Абай атындағы №4 ЖОМ МГ-ның 10-сынып оқушысы «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша ІІІ орын, сымсыз құлаққап.
Жеңістеріңіз құтты болсын!



