16
сентябрь
2022
ӨРЛЕУДЕ ӨРЛЕГЕН ӨҢІР МЕКТЕПТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
ӨРЛЕУДЕ ӨРЛЕГЕН ӨҢІР МЕКТЕПТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ "Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында" "Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 10 жылдық мерейтойына орай "Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі" атты Республикалық сырттай байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қатысқан білім беру ұйымдары Жетісай ауданынан Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі ІІ орын, "Жеңіс" №11 мектеп-гимназиясы ІІІ орынды иемденсе, "Жаңашыл идеяға толы білім беру ордасы" номинациясын №7 "Тұран" мектеп-гимназиясы жеңісті қанжығасына байлады. Ұстаз ұлағатын ұлықтап жүрген ұжымдарға жеңіс құтты болсын дейміз.



