19
март
2022
22 наурыз мерекесі «Әз Наурыз құтты болсын!» іс - шарасы
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №7 Тұран мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22 наурыз мерекесіне орай «Әз Наурыз құтты болсын!» іс -шарасы өтілді. Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Әрине мерекелердің төресі және ең көнесі, жер ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін, табиғат жан дүниесімен жадырап, өзегінен қауашық жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын, ең бастысы жасанды емес, табиғаттың өзі, Тәңірдің қалауымен тойланатын текті мереке. Осы мерекеде біздің мұғалімдеріміз, ата - аналарымыз, оқушыларымыз жеті дәмнен нәрлі көже жасап, жаттың да, жақынның да бір- біріне дәм татқызып, ақ дастархан басында жақсы тілектерін білдірді. Наурыз - жыл бойы өткен- кеткен ренішті кешіріп, ән- күймен, ойын- сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл- күйдің мерекесі. Жаңа жыл- Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңыз адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты, ырысты да тынысты жақсылықтармен қауышыңыздар!


