29
май
2025
«Жыл үздіктері – 2025»
![]() | ![]() |
«Жыл үздіктері – 2025»: Ұстаздардың кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті
28 мамыр 2025 жылы "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалімдер арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жыл үздіктері» марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім беру саласында елеулі еңбек етіп жүрген мұғалімдердің еңбегін бағалап, олардың кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттау болды.
Шараға Жетісай қаласы әкімі Н. Бахтияров аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгеруші орынбасары А. Елемесов, Санұр Тв арнасының директоры Г. Саржанова, ардагер ұстаздар қатысты. Салтанатты жиында жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылып, ұстаздық еңбектің маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді. Іс шараны мектебіміздің басшысы Х.Кожбанова ашып берді. Қала әкімі Н.Бахтияров жылы лебіздерін білдірді.
Жыл бойы рейтинг бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарымыз демеушілердің есебінен жолдамалар жеңіп алды.
1. Раимбекова Улжан-Түркия еліне саяхат.
2.Тулентаев Алғабас-Манкент шипажайына жолдама
3.Аралбаев Табиғат-Сарыағаш шипажайына жолдама.
4.Надиров Нұрсұлтан-Жылы Су шипажайына жолдама жеңіп алды.
5.Джиренбаева Жулдыз-Қала әкімінің төсбелгісімен марапатталды.
6.Жақып Мақсат-Amanat партиясының арнайы сыйлығына еге болды.
7. Ниязбекова Гулдана-Мәслихат хатшысының арнайы марапатына еге болды.
Және 40жуық мұғалім Арнайы Алғыс Хаттармен марапатталды.
Іс-шара барысында түрлі номинациялар бойынша үздік мұғалімдер анықталып, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл марапаттар мұғалімдердің тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, тәрбиелік қабілеттерін де бағалаудың айғағы болды.
Ұстаздарға деген құрмет – болашаққа салынған жол
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар мұндай марапаттау дәстүрін одан әрі дамыту, білім беру саласындағы табыстарды насихаттау қажеттігін атап өтті.
Қорытындылай келе, «Жыл үздіктері» марапаттау кеші – білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ұстаздардың еңбегін құрметтеудің жарқын үлгісі болды. Бұл шара ұстаздарға шабыт сыйлап, алдағы уақыттағы жетістіктерге бастар жол болары сөзсіз.
ИДЕЯ. МОТИВАЦИЯ. ҚОЛДАУ. НӘТИЖЕ. ТРЕНД. ШЕДЕВР. ТҰРАН МГ АЛҒА.

