Арман Абдиразақұлы: Білім көшін бастаған дара жол. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Арман Абдиразақұлы: Білім көшін бастаған дара жол.
26
апрель
2025

Арман Абдиразақұлы: Білім көшін бастаған дара жол.





Әр тұлғаның өмір жолы – ұлт тарихының бір бөлшегі. Білім беру саласына ерекше еңбек сіңіріп жүрген жандардың бірі – Арман Абдиразақұлы. Бүгінде ол жаңа міндет арқалап, мектеп директоры қызметіне Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты N75 Жалпы біліс беретін мектебіне тағайындалды. Дара жол бағдарламасына мектеп басшылығы, ардагер ұстаздар, әкімшілік құрамы, пән мұғалімдері, отбасысы, достары қатысты.
Арман Абдиразақұлы Тұран мектеп гимназиясында талапты, көшбасшы ұстаз болды. Еңбексүйгіштік пен табандылықты серік етіп, білім мен тәрбие саласында өз орнын қалыптастырды. Ұстаздық жолдан басталған еңбек жолы оны мектеп басқару ісіне алып келді. Бұл – үлкен сенім мен зор жауапкершілік.
«Дара жол» бағдарламасында Арман Абдиразақұлы өзінің бала шағы, алғашқы еңбек қадамдары, ұстаздық жолда жинаған тәжірибесі мен қазіргі жаңа міндеті туралы сыр шертті. Әңгіме барысында ол білім беру ісіндегі басты ұстанымдарын атап өтті:
"Әр оқушы — бір жұлдыз. Сол жұлдыздың жарқырауына жол ашу – біздің қасиетті борышымыз," – дейді Арман Абдиразақұлы.
Мектеп директоры ретінде ол оқу орнының білім сапасын арттыруды, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы орта құруды, заманауи талаптарға сай оқыту жүйесін енгізуді мақсат етіп отыр. Ұжыммен бірлесе отырып, ол мектеп мәдениетін жаңғыртып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруға бел шешетінін атап өтті.
Арман Абдиразақұлының өмірлік жолы — еңбекпен, білімге деген шексіз құрметпен өрілген дара жол. Ол басқаратын білім ордасы да алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетеріне сеніміміз мол.