11
сентябрь
2024
ТҰЛҒАСЫ БИІК КӨШБАСШЫ БОЛАРЫНА СЕНЕМІЗ!
![]() | ![]() |
“Түптің- түбінде жақсы көшбасшы болуға ұмтылған адамның талпынысы өз жемісін береді. Адам кім болғысы келсе, сол болады”- Уоррен Беннис.
Көшбасшы-басшы кез келген жағдайда жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға. Ол- әлбетте саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар, топпен жұмыс істей білуі керек, қол астындағы адамдардың пікірімен санаса білетін, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білетін, үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан. Көшбасшы қоғамның барлық саласында болады, ол өмірдің қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың мәселелерін шешуге көмектеседі. Ең маңызды шешімдерді қабылдайды. Сонымен қатар, көшбасшылық адамның ішкі күшінің өзіне деген сенімділігінің көрінісі. Менің ойымша , көшбасшы болу үшін ортамен тіл табыса білу, ұйымдастырушылық және талапкерлік қасиеттері жоғары жан- жақты дамыған тұлға. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділігін жоғалтпайды, төтенше жағдайларда тез шешім қабылдай біледі. Топ болып жұмыс істеу өте қиын, ал оны басқару одан да ауыр. Себебі көшбасшы әр топ мүшесінің тілін тауып, оларға үнемі қолдау көрсетуі, тыңдай білуі керек. Ол сонысымен де өзгеден басым тұрады. Бүгінгі заман дамыған технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Ал заманауи көшбасшы- басшы алдымен өзі айналысып жатқан жұмысқа құштар болуы аса маңызды. Оның ұстанымы мен көзқарасына адалдық тән болуы қажет. Осындай адамгершілік қасиеттері жоғары, шынайы көшбасшы- басшы болатынына сенім артқан, №7 “Тұран”МГ КММ директорның оқу ісі жөніндегі орынбасары, әріптесіміз Зияханов Арман Абдиразакович Жетісай қаламызда бой көтерген “Жайлы мектепке” басшы болып тағайындалды. Көшбасшыларды қалыптастыру мекемелер міндеті десек, өзі білім алған, және еңбек жолын осы білім ордасында бастап, көшбасшы-мұғалім ретінде оқыту мен оқу үдерісін жақсартуға үлкен ықпал жасап, мықты көшбасшыға айналды. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады, ал көшбасшы-басшы әріптестерін жандандырады оларды ортақ мақсатқа бағыттайды. Бұл қасиетті әріптесіміздің бойынан күнделікті жұмыс барысында көріп жүрміз.
Еліміздің болашағы өскелең білімді ұрпақ десек, сол жарқын болашақ үшін адал қызмет ететін, әріптесіміздің шынайы көшбасшы-басшы боларына сенеміз! Көшбасшының қалыптасуы-өмір бойғы қым-қиғаш ізденіс сапары екені анық. Сапарыңыз сәтті болсын Арман Абдиразақұлы!

