23
апрель
2025
Құрметті отандастар, жерлестер, қала тұрғындары, қонақтары!
Бәрімізге ортақ — туған еліміз, жеріміздің тазалығы мен көркеюі әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осы орайда баршаңызды "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырамыз!
Біздің мақсатымыз — табиғатты аялау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау, өз ауылымызды, қаламызды, ортамызды көркейту. Бұл — болашақ ұрпақ үшін жарқын келешекке қосқан үлесіміз.
Әр адамның бір қадамы – үлкен өзгеріске бастар жол!
Келіңіздер, бірге тазалық орнатайық!
"N7 "Тұран"мектеп-гимназия" КММ-нің директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы.