22
апрель
2025
Ұлы Жеңістің 80жылдығына орай дене шынықтыру пәнінің онкүндігі аясында 5-6сыныптар арасында кіші футболдан жарыс.
![]() | ![]() |
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде дене шынықтыру пәні онкүндігі аясында 5-6 сыныптар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.
Жарысқа әр сыныптан құрылған командалар белсене қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Оқушылардың ұйымшылдығы, спорттық шеберлігі мен жеңіске деген құлшынысы ерекше байқалды. Жарыс барысында әділ төрелік пен достық атмосферасы сақталды.
Нәтижесінде, үздік ойын көрсеткен командалар марапатталып, "Үздік ойыншы", "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы" сынды номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бұл спорттық іс-шара оқушылардың дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оларды бірлікке, достыққа және табандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын таба бермек.
Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдері Шайменов Ерхан ағай, Оспанов Асылбек ағай, Умаров Бахыт ағай.

