21
апрель
2025
Дене шынықтыру онкүндігінің ашылуы
![]() | ![]() |
Дене шынықтыру – адам денсаулығының негізі, ал салауатты өмір салты – қоғамның басты байлығы. Осы орайда, еліміздің барлық білім беру мекемелерінде дәстүрлі түрде өткізілетін дене шынықтыру және спорт онкүндігі өз бастауын алды.
Мектебімізде де бұл онкүндіктің салтанатты ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың белсенді қатысуымен өтті. Шараны мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы құттықтау сөзбен ашып, спорттың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері алдағы күндері өтетін түрлі спорттық жарыстар мен эстафеталар туралы қысқаша мәлімет берді.
Ашылу салтанаты барысында оқушылар сап түзеп, патриоттық әндер шырқалып, спорттық көрсетілімдер жасалды.
Дене шынықтыру онкүндігінің мақсаты – оқушылар арасында спортты насихаттау, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Онкүндік аясында футбол, волейбол, асық ату, арқан тарту, жеңіл атлетика сынды түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.
Бұл шара жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды достыққа, ұйымшылдыққа, табандылыққа тәрбиелейді. Сондықтан да дене шынықтыру онкүндігі – оқушылар үшін маңызды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ.

