07
апрель
2025
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУЫ.
![]() | ![]() |
Ғылымға қадам – Жаратылыстану онкүндігі басталды! Бүгін мектебімізде ерекше серпінмен, қуанышпен Жаратылыстану онкүндігінің ашылуы өтті. Бұл онкүндік – табиғаттың тылсым сырын тануға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға бағытталған маңызды кезең.
Онкүндік аясында түрлі пәндер – биология, география, химия, физика, информатика,математика және экология пәндері бойынша қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл шаралар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, зерттеу мен шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.
Ашылу салтанатында ұстаздар мен оқушыларға арнап жылы лебіздер айтылып, онкүндіктің мақсат-міндеттері таныстырылды. Сонымен қатар, табиғатты қорғауға, ғылыми ізденіске шақыратын нақыл сөздер мен ұрандар да ұсынылды.
"Табиғатты таны – болашағыңды сақта!", "Экоқадам – ертеңге сенімді қадам!" деген сияқты ұрандар жас ұрпақтың жүрегінде ерекше әсер қалдырды.
Алда әлі талай қызықты жобалар мен байқаулар күтіп тұр. Әрбір оқушы өз қызығушылығы мен қабілетіне сай іс-шараларға қатыса алады. Бұл – ғылымға алғашқы қадам жасаудың үлкен мүмкіндігі.
Жаратылыстану онкүндігі – тек пән апталығы емес, бұл – табиғатты сүюге, білімге құштарлықпен қарауға бастайтын маңызды кезең.

