18
апрель
2025
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ ОНКҮНДІГІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ.
![]() | ![]() |
Мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Жаратылыстану пәндер апталығы (онкүндігі) биыл да жоғары деңгейде өтті. Бұл онкүндік – оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, жаратылыстану ғылымдарының қызықты әрі маңызды салаларын тереңірек тануға мүмкіндік беретін игі шара болды. Онкүндік аясында физика, химия, биология, география пәндері бойынша түрлі іс-шаралар, зияткерлік сайыстар, викториналар мен ғылыми жобалар көрмесі өткізілді. Әрбір шара оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды.
Жаратылыстану пәндерінің адам өміріндегі алатын орны ерекше. Табиғаттың тылсым құбылыстарын түсіндіріп, ғылыми жаңалықтар арқылы әлемді танытатын бұл пәндерге деген қызығушылық онкүндік барысында бұрынғыдан да арта түсті. Оқушылар тәжірибе жасап, күрделі ұғымдарды практикалық тұрғыда меңгеріп, өз жобаларын қорғау арқылы өз білімдерін нақтылады.
Онкүндіктің жабылу салтанатында пән мұғалімдері белсенділік танытқан оқушыларды марапаттап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын табыстады. Іс шараны химия биология, география пәндерінің бірлестік жетекшісі Надиров Нұрсұлтан ағай сөз сөйлеп, оқушыларды марапаттады. Бұл марапаттар жас ізденушілерге шабыт беріп, олардың болашақта ғылым жолын таңдауға деген сенімін нығайтатыны сөзсіз.
Жаратылыстану онкүндігі – тек білім сайысы емес, ол – оқушылардың ғылымға жасаған алғашқы қадамдарының бірі. Осы орайда атсалысқан барлық ұстаздарға, белсенді оқушыларға алғыс білдіре отырып, келер жылдары бұл шара одан әрі ауқымды, мазмұнды өтеді деген сенімдеміз.

