10
апрель
2025
Жетісайлық оқушылардың «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында жеткен жетістігі!
![]() | ![]() |
8 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Жетісай ауданының оқушылары ерекше жетістіктерге жетті! Бұл конкурс 5-8 сынып оқушылары арасында экологиялық мәселелерге деген қызығушылықты арттыру, зерттеу қабілетін дамыту және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Конкурстың бағыттары мен жеңімпаздарымыз:
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша 8Ә сынып оқушысы Оралбаева Аякөз Түркістан қаласының «N7 "Тұран" мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен І орын иеленді. Жетекшісі – Аралбаев Табиғат.
«Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша, 8Б сынып оқушылары Альжан Аян мен Жарылқасын Асылжан да «N7 "Тұран" мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен І орынға ие болды. Жетекшісі – Тулентаев Алғабас.
«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Амантай Шәрбат Б.Майлин атындағы №21 жалпы білім беретін мектебінен ІІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі – Бекманов Нұрғазы Қамбарұлы.
Бұл жетістіктер Жетісай ауданының оқушыларының үлкен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Олар тек экологиялық мәселелерді терең түсініп қана қоймай, өздерінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, ауылымыздың болашағы үшін маңызды жобаларды ұсынды. Олардың шығармашылық ізденісі мен талпынысы бәрімізге үлгі болуы тиіс.
Жетісайлық дарынды оқушыларымызды осындай үлкен жетістіктерімен құттықтай отырып, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жететініне сеніміміз мол! Олардың білім жолындағы қажырлы еңбегі мен ізденісі алдағы уақытта көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.
Қанаттарың талмасын, дарынды шәкірттеріміз! Ұстаздарыңызбен бірге биік шыңдарды бағындырып, ел мақтанышы болыңыздар!

