Таңдаулы ,талантты тичерс “ шығармашылық тобы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Таңдаулы ,талантты тичерс “ шығармашылық тобы
28
март
2025

Таңдаулы ,талантты тичерс “ шығармашылық тобы





28.03.2025 күні “Тұран”МГ КММ -сінде  “Таңдаулы ,талантты тичерс “ шығармашылық тобының  ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларының аралығындағы ‘’ Жас ғалым ‘’ ғылыми жоба байқауы жоғары деңгейде өтті. Ғылыми жобалар — білімнің шекараларын кеңейтіп, жаңа ойлар мен идеялар туғызуға мүмкіндік береді.
  Бүгінгі шараның мақсаты — жастарымыздың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру, олардың білімге деген сүйіспеншілігін тереңдету және өз идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру. Әрбір жобаның ішінде жаңа бағыттар мен көзқарастарды көреміз, себебі әрбір жоба — бұл шығармашылықтың, ойлаудың және білімнің нәтижесі.
Әрбір зерттеу мен жаңалықтың артында еңбек, ізденіс және тапқырлық жатыр. 
  ‘’ Жас ғалым ‘’ 8-11 сынып оқушыларының аралығында өткізілген ғылыми жоба жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Оқушылардың қорғаған 
ғылыми жобалары жаңа идеяларымен және тың тұжырымдамаларымен көзге түсті.Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. 
Барша ғылыми жобаға қатысқан оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, сіздердің ізденістеріңіз ғылым мен білім әлемінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын боларына сенімдіміз.
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.-деп ғалым Қаныш  Сәтбаев айтқандай үнемі оқып ,ізденіп ,ғылымның ірі қайраткері дәрежесіне жете беріңіздер .