“Болашақтың интеллектісі” шығармашылық тобы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Болашақтың интеллектісі” шығармашылық тобы
28
март
2025

“Болашақтың интеллектісі” шығармашылық тобы




Бүгін мектебімізде  “Болашақтың интеллектісі” шығармашылық тобының ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында мектепішілік “Зерде” ғылыми жоба байқауы өтті. Бұл байқау жас зерттеушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Қатысушылар өз жобаларын жаратылыстану, математика, гуманитарлық ғылымдар және экология секілді түрлі  бағыттар бойынша ұсынды. Әр жоба ғылыми негіздемесімен, өзектілігімен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленді.
Байқау барысында оқушылар зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Көптеген жұмыстар жаңа идеяларымен және тың тұжырымдамаларымен көзге түсті.
      Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
    Жас ғалымдарымыздың аудандық кезеңде жүлделі орындарға ие болуына тілеулеспін.