12
март
2025
ІШКІ УӘЖ: "ОҚУШЫ ҮНІ" АРҚЫЛЫ ҮЛГЕРІМДІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
12 наурыз 2025 мектепте "Иннаватор KZ" шығармашылық тобы коучинг сабақ өтті. Ұлжан Кеттешқызы бастаған шығармашылық топ мүшелері алдын ала дайындаған видео арқылы коуч сабақты бастады. Оқушының үлгерімін жақсарту — білім беру процесінің маңызды мақсаты. Бірақ үлгерімнің тек сыртқы факторларға ғана тәуелді емес екенін ұмытпаған жөн. Ішкі уәж, яғни оқушының өзінен туындайтын мотивациясы, оның оқу жетістіктеріне тікелей әсер етеді.
Ішкі уәжді қалыптастыру — үздіксіз процесс. Егер оқушының өз жетістіктеріне деген қызығушылығы артса, ол тек өз білімін ғана емес, болашақта өз өмірін де өзгертуге қабілетті болады.
Осылайша, ішкі уәждің маңызы білім беру саласында ерекше. Ол оқушыны тек жақсы бағалар мен дипломдарға жетелей алмайды, сонымен қатар оны өмірде өз мақсатына жетуге шабыттандырады.
Коуч соңында барлық мұғалім керемет шабыт алғанын, кері байланысын айтып коучтан алған әсерлерін сабақтарда қолданытын атап өтіп, естелік ретінде фотоға түсіп коуч аяқталды.