03
март
2025
Ашық есік күніне
![]() | ![]() |
03.03.2025 ж. күні Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық- техникалық колледжінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.«Ашық есік күніне»аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Әбілқайыров, мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогы С. Кенжебекова мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Исабеков 9 сынып оқушыларымен барып қатысып қайтты. Биылғы жыл "Жұмысшы мамандықтар" жылы деп жариялануына байланысты аталған колледжде қызықты іс-шара ұйымдастырылды.Колледж мамандары білім беру бағдарламаларымен және ұсынылатын мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар колледж туралы кеңінен ақпараттар алды.Болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықтары артты.

