24
февраль
2025
АУДАНДЫҚ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№7«Тұран» мектеп- гимназия» КММ-де 21 ақпан 2025 жылы күні ЖАББәдіскері Хатира Арубаевна жоспарына сәкес, мектеп директоры Кожбанова Хадиш және оқу жұмысы жөніндегі Актаев Мұхтар ағайдың ұйымдастыруымен «Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тартудың пәрменді практикасы» тақырыбында аудандық Ашық есік күнін Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілерімен өткізді. Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері Акылбаева Улжибек пен Мауленова Салтанат «Аздың атасы бір, көптің батасы бір». «Жеті атаның тілін ал, жеті ұрпақты біліп ал» дәстүрі көрсетілді. Кейіннен «Бәйге» ойыны, «Тұсау кесу» рәсімі, «Шаш өру» рәсімі, «Шебер қолдар» рәсімдері көрсетілді. «Кім жылдам» ойыны ойнатылды. Ата-аналарға арналған қызықты сұрақтар да қойылып өтті.
Бағдарлама бойынша ауданнан мектеп тәрбиешілері "Шебер сыныптар мен баяндамалар" оқылды.
Ашық есік күніне Жетісай ауданының Білім бөлімінің әдіскері Хатира Арубаевна мен ауданның мектепалды даярлық сынып мұғалімдері қатысты. Ашық есік күні жоғары дәрежеде өткізілді деп кері байланыс беріп кетті. Ата-аналар да өз ризашылығын білдіріп кетті