Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
25
февраль
2025

Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!




Сіздерді Республикалық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған шәкірттеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында, олар бұл байқауларда жоғарғы нәтижелерге жетіп, білімнің шыңына шықты. Олар өздерінің қажырлы еңбегі мен ғылымға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Мектептеріміздің және білім ұжымдарының атына зор мақтаныш, жаңа жетістіктер қосып отыр.
"Зерде" ғылыми жобалар байқауында:
- "Тұран" МГ оқушылары Абиш Бегим мен Абиш Нұрым, жетекшісі Ұлжан Кеттешқызы, 2 орын иеленді. Бұл жеңіс олардың шығармашылық қабілетін, ғылым мен білімге деген ынтасын көрсетеді.  
- Т.Рысқұлов атындағы ЖББМ оқушысы Ретбай Думан да осы байқауда 3 орын жеңіп алды, жетекшісі Урманова Жанар. Думанның бұл жетістігі білім алудағы табандылығы мен үздіксіз еңбектің жемісі деп білеміз.
Ауыл мектептерінен келген дарынды оқушылардың жеңістері:
- М. Маңғытаев атындағы ЖББМ оқушысы Есімбай Айым, жетекшісі Тоқсанбаев Райымбек, республикалық олимпиаданың 3 орнын иеленді. Бұл жеңіс ауыл мектептеріндегі білімнің биіктігін көрсетеді.
 Ғ. Мұратбаев атындағы ЖББМ 11 сынып оқушысы Зайниев Худайберди және оның жетекшісі Тұрсынбетұлы Сұлтанберді де олимпиадада жеңімпаз атанды.
Бұл жеңістер тек оқушылардың ғана емес, ұстаздардың, ата-аналардың және бүкіл мектеп ұжымының еңбегінің нәтижесі. Осы жетістіктерге жетуге ықпал еткен ұстаздарға, мектеп басшылығына және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бен тәрбиелеріңіз оқушыларымыздың жетістіктері мен жоғары ұстанымдарымен көрініс тауып отыр.
Сіздерге және біздің дарынды оқушыларымызға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Білімнің жолы - ұзақ та қиын, бірақ оған батыл қадам басқан әрбір жанның болашағы жарқын болары сөзсіз. Осы бағытта алға қойған мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз!
Барлық жеңімпаздарымызды, сондай-ақ оларды қолдаған ата-аналарды, ұстаздарды тағы да құттықтап, жаңа биіктерді бағындыруларыңызды тілейміз!
Алға, тек алға!