“Досболlike: достық қолын ұсын” акциясы басталды. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Досболlike: достық қолын ұсын” акциясы басталды.
02
февраль
2024

“Досболlike: достық қолын ұсын” акциясы басталды.






"№7 "Тұран" мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аға тәлімгер А.Турмуратова және "Адал ұрпақ" ерікті клубы, 4 "ә"- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “ДосболLike” акциясы өтеді!!!
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендерінің бастамасымен 2024 жылдың 31 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында “Досболlike: достық қолын ұсын”акциясы басталды.
  Акцияның ұраны:
Нағыз досыңның болуын қаласаң, дос бол!
    Акцияның мақсаты-мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау. 
     Акция міндеті- 
өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында үштік одақ ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу;
-позитивті қарым-қатынас құру; 
- белсенді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
- ⁠оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету;
     Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!