23
февраль
2025
Балалық шаққа саяхаттан басталып,болашаққа жетелеген әсерлі күн!
![]() | ![]() |
Халықаралық оқыту курсының 4 - күніне де келіп жеттік.20 ақпан күні барлығымыз таңғы астан кейін конференция залына жиналып, 3- тапсырманы орындадық.Бұл тапсырма бойынша барлық пән мұғалімдері өздерінің пәндеріне байланысты ашық тест тапсырды.
Тапсырма орындап болған соң спикер Азат Ысқақтың сабағына қатыстық.Сабақ барысында "ертегілер әлеміне" бір шолу жасап шықтық.Ертегілер әлемі арқылы оқушыларға сабақты толық меңгерту үшін қажетті әдіс - тәсілдерге керемет тоқталып өтті.Ертегілерді көп оқу арқылы балалар әлемді жан - жақты түсінеді және өмірде жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді.Әрбір ата - ана өз балаларының бойына жас кезінен ертегілерді айтып, өмірде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрете білгені жөн. Спикер Азат Ысқақтың сабағына қатысып отырған әрбір мұғалім балалық шаққа саяхат жасап,жас кездерінде естіген,көрген ертегілерін естеріне түсіріп,өз ойларын ортаға салып, балалық шақтың балдәуренін еске түсірді.Көп жағдайда ертегіні аяқтамай,ары қарай балалардың өздеріне "егер сендер болсаңдар,қалай аяқтар едіңдер?" деген сұрақты ортаға тастау керектігі ерекше айтылды.Демек, ертегілердің жас ұрпағымыздың өсіп - өркендеуіне,дамуына тигізетін пайдасы орасан зор екен.
Түскі үзілістен кейін тәжірибе алмасу мақсатымен білім беру жүйесі инновациялық әдіс - тәсілдер мен халықаралық стандарттарға негізделген "Hi Test" мектебіне бардық.Бұл өз оқушыларына сапалы білім мен толыққанды дамуды қамтамасыз етуді мақсат еткен,даму деңгейі жоғары мектеп екенін мектеп ғимаратына кірген сәттен бастап анық көрсете білген мектептің бірі болды.Мектепте оқыту тілдері ретінде қазақ,орыс, ағылшын тілдері қолданылады екен , бұл халықаралық деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беретін керемет жағдай.Мектеп оқу процесінде жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып , оқушылардың сыни ойлау , шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді екен.Сонымен қатар мектепте оқушылардың мәдениет,спорт және әлеуметтік дамуымен қатар,жеке тұлғалық өсуіне де үлкен көңіл бөлетіні байқалды.Мектеп ғимараты 3 блоктан тұрады екен, барлық жағдай жасалған, мектептің бассейні, кітапханасы , әрбір сынып бөлмелері заманауи құрал - жабдықтармен жабдықталған.Балалардың білім алуына барлық жағдай толық жасалған, барлығы еркін , өз ойларын, пікірлерін ашық айта алады.Ерекше таң қалдырған жағдай, жоғары қабаттан төменге қабатқа сырғанап түсу жобасын мектеп оқушыларының өздері ойлап тапқаны..."Нi Test" мектебіне барып көңілге түйгендеріміз көп болды.Осындай мектептердің қатарынан орын алу үшін ойша жоспар құрып, алдымызға мақсат қойып, ерекше көңіл күймен қайттық.
Кешке қарай әсем қала Алматымыздың көрікті жерлерінің бірі,туристер мен жергілікті тұрғындар үшін танымал демалыс орны "Көк Төбеге" барып, демалып қайттық.Ол жер тек демалуға ғана емес, сонымен қатар қаланың сұлулығын тамашалауға мүмкіндік беретін жер екені белгілі."Көк Төбе" - барлығымыздың арманымызға шабыт сыйлағандай болды..
Оқуымыздың 4 - күні де тамаша осындай естеліктерімен сырғып өте шықты .

