РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТАРИХИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТАРИХИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
15
декабрь
2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТАРИХИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ






№7 «Тұран» МГ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.23 күні Республикалық «Педагогикалық шерулер» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Г. Наханова, кітапханашылар Г. Серікбаева мен       Р. Рапишеваның ұйымдастыруымен «Ғасырлар даналығы.Қ.А.Яссауийдің туғанына 930-жыл » атты тарихи кешін өткізді.Тарихи кеште ұлы бабамыз      Қ. А. Яссауийдің адамзатты  ізгілікке, мейірімділікке шақыратын «Диуани Хикмет» еңбегіндегі хикметтерді 8А  сынып оқушысы Сәрсенбай Әсем, 8Б сынып  оқушысы Аханова Әсел мәнерлеп жатқа айтып, көрермендерді жан тебіреніске түсіре білді. Адай күйін нақышына келтіріп 6Б сынып оқушысы Нұрман Ерасыл тартып, көрермен көзайымына айналды. 11Б  сынып оқушылары Зикирла Ұ, Нартай Б, Темирханов Е, Серікбай А, Түймебай Н, бала Қожа Ахметті ойнаған 6А сынып оқушысы Бекмырза А ұлы бабамыздың балалық шағын керемет сомдап шықты. Сырлы сазды скрипка аспабымен 10Б сынып оқушысы Абилкайыр А «Отан Ана» туындысын сызылта отырып шертіп берді. Мектебімізде жұмыс істейтін домбыра үйірмесінің керемет шәкірттері «Жас домбырашылар» тобы «Ерке сылқым» күйін күмбірлете орындап берді. 7 «Б» сынып оқушысы Айару қызымыз «Түркістан» атты әсем әнімен тарихи кешті аяқтады. Ұлы бабамыздың сопылық ілімді дамытудағы үлесі ұшан-теңіз. Ұлы бабамыздың басына Әмір-Темірдің  Орта Азияда теңдесі жоқ кесенені салдыру жайлы аңызы да өте әсерлі шықты. Көрермендер өз ризашылықтарын ду қол шаплақтарымен білдірді. Тарих пәні мұғалімі мен кітапханашы ұстаздардың ұйымдастыруымен өтілген тарихи кешті ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері А.Қарсыбаева мен химия пәні әдіскері З.Оспанова өз алған әсерлерімен бөлісе отырып,кешке қатысқан оқушылар мен ұйымдастырған ұстаздарға   алғыс білдіріп қорытындылады.