“English Speaking Countries “ тақырыбында » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2025

“English Speaking Countries “ тақырыбында





Ақпан айының 13 жұлдызында М.Горький атындағы №1 мг аудандық білім бөлімінің әдіскері Балхибаева Нұрбахыттың бастамасымен Speaker  Time жобасының аясында аудандық “English Speaking Countries “ тақырыбында оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған “Speaker Time” жобасы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 9-10-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шет тілін меңгерудегі қабілеттерін сынап көрді. “#7 “Тұран”мг” 11 “Б” сынып оқушысы Бердібай Еңлік қатысып өз дәресежін көрсетті.Жетекшісі:Рысдәулет Майра
Алғашқы кезеңде оқушыларға іріктеу сұрақтары қойылып, олардың білім деңгейлері тексерілді. Осы сұрақтар негізінде қатысушылар іріктеліп, үш командаға бөлінді. Әр командаға белгілі бір ағылшын тілді ел берілді:
 • Бірінші команда – АҚШ,
 • Екінші команда – Ұлыбритания,
 • Үшінші команда – Австралия.
Командалар өз елдерінің тарихы, мәдениеті, танымал тұлғалары, ұлттық ерекшеліктері туралы зерттеу жүргізіп, постерлер дайындады. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты саралау, шығармашылық ойлау және топтық жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Әр топ өздеріне берілген ел туралы жан-жақты зерттеу жүргізіп, арнайы дайындалған постерлерді қорғады. Оқушылар белгілі бір тарихи тұлғалар, олардың өмір жолы мен еңбектері, сондай-ақ суреттері мен картиналары арқылы өз баяндамаларын әсерлі етті. Бұл кезеңде олар тек мәлімет беріп қана қоймай, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуге тырысты.
“Speaker Time” жобасы оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілеттерін дамытуға, сенімділік қалыптастыруға көмектесті.Сонымен қатар, қатысушылар командалық жұмыс арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасып, ағылшын тілін үйренудегі қызығушылықтарын арттырды.
Шара соңында қазылар алқасы оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейін бағалап, үздік шыққан топтарды марапаттады. Бұл жоба мектеп оқушылары үшін тек білім көкжиегін кеңейтетін емес, сонымен қатар шет тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін ерекше тәжірибе болды.