13
февраль
2025
КІТАП ЖӘНЕ СМАРТФОН
Жетісай ауданының білім бөлімі балаларды кітап оқуға ынталандыру мақсатындағы бастамасы өте құнды әрі маңызды. Кітап оқу — баланың ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және білімге деген құштарлықты арттырады.
Мектептерде оқушыларды кітапқа баулу және кітапханаға баруға ынталандыру – өте жақсы идея. Демеушілердің қолдауымен балаларға сыйлықтар ұсыну — бұл ынталандырудың керемет тәсілі. Бұл әрекет балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оқудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Кітап оқып, ізденетін оқушының болашағы жарқын болады. Мұндай тәжірибеге алғаш бастамашы болған №72 мектеп.
Жетісай қаласы мен Асықата кенті, Қазыбек би ауыл округі мектептерінде өткен кездесулер мен ардагер қаламгер Жаппар Ғаппар ағамызбен балаларды кітап оқуға шақыру шаралары да үлкен маңызға ие. Бұл кездесулер балаларға кітаптың құндылығын түсіндірумен қатар, оқуға деген қызығушылықтарын оятуға зор септігін тигізеді.
Ұсыныс ретінде, барлық мектептер осы бастаманы қолдап, кітап оқуға арналған арнайы жәшіктер орнатып, смартфондарды уақытша сақтау арқылы балаларды кітап оқу сәттеріне бағыттауы маңызды. Сонымен қатар, үздік кітап оқушы балаға ынталандыру шараларын жасау басқа мектептерге де үлгі боларлықтай бастама болады. Мұндай шаралар оқушылар арасында достық бәсекелестік тудырып, олардың білімге деген қызығушылығын арттырады. Жетісай қаласындағы №3 Ю.Гагарин мектепте, М.Горький мектептерінде жәшіктер орнатылған.
Барлық мектептер осы бастаманы қолдай отырып, оқушыларға кітап оқуды қызықты әрі пайдалы ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын.