20
февраль
2023
“ Кітап, интернет және жастар” атты дебат сайысы өтілді
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
20.02.23 күні “N7 "Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7- сынып оқушылары және Бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат ағай мен “ Кітап, интернет және жастар” атты дебат сайысы өтті. ХХІ ғасыр- білім, ғылым және мәдениет ғасыры. Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты- білім, ал білімнің қайнар көзі- кітапта. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Интернет дамығалы бері адамдар өздеріне керекті дүниелерді электронды кітаптар және оқулықтардан оңай жолмен тауып, оқуға мүмкіндік алды. Алайда электронды кітаптарды оқудың пайдасымен қатар зияны да бар дейді. Кітапты қолыңа алып парақтағаның орны бөлек. Кітап рухани қазына- ой мен сананың, ақыл мен білімнің алтын діңгегі. Заман ағымына қарай электронды кітап пен қағаз кітапты да қатар пайдаланған дұрыс шығар, бірақ кітапты қолыңа алып, парақты оқығанға не жетсін. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс деп ой түйдім.
Кітапханашы: Р. Рапишева.



