13
февраль
2025
"Әке-отбасының тірегі" атты аудандық семинар
12.02.2025ж күні Жетісай ауданының "Мәдениет үйі" ғимаратында "N7 "Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Әке-отбасының тірегі" атты аудандық семинар өтті.
Семинар қонақтары:
Аудандық білім бөлімі әдіскерлері Кеттебеков Бауыржан ағай, Жанаева Акмарал апай,
аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы Маханбетов Айтбай ағай
аудандық әкелер мектебінің хатшысы Сәрсеков Тұрар ағай,
аудандық әжелер алқасының төрайымы Мәуленова Рашида апай,
қалалық әжелер кеңесінің төрайымы Абилкасымова Клара апай,
аудандық мектеп директорларының 70 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және 70 әкелер мектебінің төрағалары.
Семинардың мақсаты:
-әкенің қоғамдағы, отбасындағы рөлін нығайту,
-бала тәрбиесіндегі әкенің алатын орны ерекше екенін түсіндіру,
-отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық, қарым-қатынасты қалыптастыру.
Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің ірге тасы. Ұл бала әкесін үлгі тұтып, әкенің мінез-құлқына қарап өседі. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз», демек, алдымен жанұя жағдайы: онда қалыптасқан оң ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі мен қарым-қатынасы тікелей ықпал етеді. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ.
Әке мен баланың арасында өрбіген өнегелі тәрбие әрбір қазақтың отбасында көрініс таба берсін.