Есірткіге жол жоқ челленджі: Жастардың саналы таңдауы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Есірткіге жол жоқ челленджі: Жастардың саналы таңдауы
30
январь
2025

Есірткіге жол жоқ челленджі: Жастардың саналы таңдауы




Қазіргі заманда есірткіге тәуелділік – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бірақ көптеген мемлекеттер мен қоғамдар есірткіге қарсы күресуді жалғастырып жатыр. Мектебімізде осындай күресті қолдау мақсатында «Есірткіге жол жоқ» челленджі ұйымдастырылуда. Бұл челлендж жастардың арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға, оның зиянын түсіндіруге бағытталған. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Умаровтың ұйымдастыруымен кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты мен мәні
«Есірткіге жол жоқ» челленджі есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға, қоғамда бұл мәселе бойынша хабардарлықты арттыруға бағытталған бастама болып табылады. Челлендж аясында адамдар өздерінің есірткіге қарсы көзқарасын әлеуметтік желілерде жариялап, бұл қадамды басқаларға да ұсынады. Бұл жай ғана акция емес, әр адамның қоғамға деген жауапкершілігін көрсететін маңызды шара.