10
сентябрь
2024
"САНАЛЫ АТА-АНА" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ.
![]() | ![]() |
Мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаевтың және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Мамраймов пен Е.Калдарбековтың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Саналы ата-ана" тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Тренингті педагогика ғылымдарының магистрі, коуч-тренер, Германияда тағылымдамадан өткен Файзиев Нұржан Сапарханұлы өткізді. Семинар барысында қазіргі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі олқылықтар туралы Tedx форматта сұхбаттасу арқылы жоғары деңгейде өтті. Келген ата-аналар кері байланыс білдіріп алғыстарын айтты.

