23
январь
2025
Онлайн сатып алудағы алаяқтық
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "N7 "Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сынып жетекші Балтабай Розаның ұйымдастыруымен 9«Ә» сынып оқушыларымен «Онлайн сатып алудағы алаяқтық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы сатып алу өте танымал, бірақ сол арқылы алаяқтарға да тап болу қаупі бар. Онлайн сатып алудағы алаяқтық туралы талқылаймыз, алаяқтықтың қандай түрлері бар екенін, қалай қорғануға болатынын және дұрыс шешімдер қабылдау жолдарын анықтады. Әр оқушы өз пікірін айтып, қай сайттардың сенімді екенін және неге олар қауіпсіз екендігі туралы түсінік алды.
Сабақ барысында онлайн сатып алу алаяқтықтарының түрлерімен танысып, олардың алдын алу жолдарын анықтады. Интернет арқылы сатып алу — бұл өте ыңғайлы, бірақ оны дұрыс пайдалану маңызды. Әрқашан сақ болып, жеке ақпараттарыңызды қорғап, тек сенімді сайттардан сатып алу керек.

