"ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ" » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2025

"ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ"




Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “ № 7 “ Тұран” мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   Кожбанова Хадиша Нартайқызының 2024-2025  оқу жылының алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктер бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есебін берді.
Қатысқандар:  Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, кәсіподақ  төрайымы. 
Күн тәртібі:
Мектеп директорының есебін тыңдау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беру барысында мектептің  жартыжыллық жетістіктері, оқу үдерісі, материалдық-техникалық базаның жақсаруы, қаржылық жағдай, оқушылардың жетістіктері, мұғалімдер біліктілігін арттыру шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқу жылының мақсаттары, оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобалар, әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көрсетілетін көмек мәселелері қаралды. Кеңес барысында оқушылардың білім сапасын арттыру, тәрбие саласындағы жұмыстарды жетілдіру және мектептің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы жоспарлар талқыланды. 
Есеп беру барысында қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, шешілуі тиіс маңызды мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ұсыныстар білім беру үдерісін жақсартуға, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқушылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Кеңес отырысы нәтижесінде бірқатар нақты ұсыныстар әзірленіп, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары қарастырылды. 
Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп директорының есебін тыңдап, оның мазмұны мен ұсынылған ақпараттарды талқылау нәтижесінде, есепті қанағаттанарлық деп бағалау туралы шешім қабылдады.