16
февраль
2024
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
![]() | ![]() |
“N7 ”Тұран” мектеп-гимназия”кмм Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай, 9,10-сынып оқушылары Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауданымыздың ардагерлері Жасұзақов Байзақ, Мусырманкулов Батырбек ағаларымыз келді. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, сүбелі мәліметтермен қанығып, пікір алмасты. 10”Ә”сынып оқушылары патриоттық ән шырқап ардагерлер көңілін көтеріп тастады. Алғашқы әскери дайындық оқытушысы А.Шарапов автомат АК-74 жартылай бөлшектеу және қайта жинақтауды оқушылар сәтті көрсетті. Кездесу әсерлі өтті.

